AI & Digital Bridge: медицинадағы инновацияларды дамытуға басымдық берілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

AI & Digital Bridge форумының қорытынды күнінде «HealthTech-стартаптар: инвестициялар, технологиялар және масштабтау» тақырыбында маңызды панельдік сессия өтті. Қатысушылар цифрлық денсаулық сақтауды дамыту мүмкіндіктерін, жасанды интеллекттің рөлін және жас мамандар мен технологиялық компанияларға арналған мүмкіндіктерді талқылады. Сондай-ақ спикерлер жаңа кадрларды даярлауға, инновацияларды дамытуға және дәрігерлер, инженерлер, кәсіпкерлер мен студенттер арасындағы ынтымақтастыққа жағдай жасауға ерекше назар аударды.
ВИВИАН ЛИ, HARVARD MEDICAL SCHOOL АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:
— Қазақстанда HealthTech саласының әлеуеті өте жоғары. Мен үш негізгі бағытты атап өткім келеді. Біріншісі – білім беру. Робототехникамен және жасанды интеллектпен айналысатын студенттерді қолдау өте маңызды. Екіншісі – дұрыс заңнама. Инновацияны қолдайтын және сонымен бірге пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң қажет. Үшіншісі – ынтымақтастық. Инженерлерді, дәрігерлерді, кәсіпкерлерді және жастарды біріктіру керек. Хакатондар осындай адамдардың бірігіп, жаңа идеялар мен шешімдер жасауына мүмкіндік береді.
Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынасты өзгертіп жатыр. Қазір адамдар дәрігерге алдын ала ақпарат іздеп, дайындалып келеді. Ал жасанды интеллект мамандарға көп ақпаратты тез жинап, өңдеуге көмектеседі.
ҚАЙЫРЖАН ҚОЖАЛЫ, EMAI, COO СЕРІКТЕС-НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
— Адамның технологияларды меңгеріп келе жатқаны өте жақсы. Қазір пациент дәрігерге келмес бұрын ChatGPT арқылы ақпарат іздеп, тақырыппен алдын ала танысып келеді. Бұл дәрігерге де ыңғайлы. Бірақ екінші жағынан, пациенттер ақпаратты көбірек біліп, өз ұсыныстарын айта бастайды. Сондықтан жасанды интеллект дәрігерлерге де көмектесіп, қажетті ақпаратты жинақтап, талдауға мүмкіндік береді. Менің ойымша, бұл екі тарапқа да пайдалы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал