Astana AI Film Festival жеңімпаздары анықталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауының жеңімпаздары анықталды. Еліміз алғаш рет өткізген халықаралық Astana AI Film Festival-ге 8 мыңнан астам өтінім түсіп, соның ішінен 25 жұмыс қана финалға жолдама алды. Ал бас жүлде мен 450 мың доллар латвиядан келген автор Никола Шестакқа «The First Honest Day» фильмі үшін берілді.
Айта кетейік, Елордада өткен фестивальдің жүлде қоры – 2 миллион доллар. Оның бір миллионы жеңімпаздарға берілсе, қалған қаражат болашағы бар AI-командаларға инвестицияланып, Қазақстандағы өндірісті дамытуға жұмсалады. Ұйымдастырушылар енді фестиваль аясын кеңейтіп, кино мен жасанды интеллектіні тоғыстырған жаңа жобаларды қолдамақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал