Азиада – 2026: Қазақстан 84 медальмен 8 -орынға тұрақтады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

84 медаль – 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Қазақстан Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарын осындай нәтижемен жалпыкомандалық есепте сегізінші орынмен аяқтады. Ханчжоу Азиадасымен салыстырғанда ұлттық құрама бірден үш сатыға көтерілді. Бұл Ойындар елімізге бірнеше тарихи жеңіс әкелді. Алексей Луценко жазғы Азиадалар тарихындағы ең титулды қазақстандық спортшы атанды – енді оның еншісінде алты алтын медаль бар. Еліміз академиялық есу мен таеквондодан тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды. Шпагамен семсерлесуден ерлер құрамасы чемпиондық атағын 24 жылдан кейін қайтадан қайтарды. Ал боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай Азиададағы қазақстандық алтынсыз өткен 12 жылдық үзіліске нүкте қойды. Тағы бір үлкен жетістік – ауыр атлетикадағы Алексей Чуркиннің әлем рекорды. Үздік үштікте Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея тұр.
АЗИАДА – 2026 ҮЗДІК ҮШТІГІ:

Қытай – 169 алтын медаль, 89 күміс медаль, 83 қола медаль (барлығы – 341)

Жапония – 83 алтын медаль, 95 күміс медаль, 91 қола медаль (барлығы – 269)

Оңтүстік Корея – 39 алтын медаль, 43 күміс медаль, 68 қола медаль (барлығы – 150)
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал