Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ойын ойнап, жол жиегінде отырған екі баланы көлік қақты. Алматы облысында болған сұмдық жол апатының сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада тротуарда отырған балаларды Chevrolet Cobalt көлігінің соққаны көрінеді. Жүргізуші тіпті тоқтамай, қозғалысын жалғастырған. Ауыр жарақат алған екі бала Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, екеуіне де ота жасалды. Қазір балалардың бірі хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Ал екіншісі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.