Атырауда лифт құлап, 4 адам зардап шекті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Атырауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жеделсаты құлады. Лифт кабинасында 4 адам болған. Оның үшеуі аурухана жеткізілген. 1 адам медициналық көмектен бас тартқан. Ауруханаға жеткізілген тұрғындар дәрігерлерге қаралғаннан кейін үйіне жіберілді. Айта кетейік, оқыс оқиға болған Гранд Атырау тұрғын үй кешеніндегі 7 жеделсатыны ауыстыру жоспарланған. «Бүгін құлаған жеделсаты да солардың қатарында», — дейді жауаптылар. Бүгінгі оқыс оқиғадан кейін қаладағы барлық жеделсатыны тексеру туралы шешім қабылданған. Жалпы облыс орталығындағы 67 жеделсаты ауыстыруды қажет етеді.
ШАТТЫҚ СМАҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Балалар үшін қорқамыз. Таңертең кетеді, кеште келеді. Сол жерде менің балаларым болғанда, ситуация қандай болар еді? Негізі адамдардың өзінен де бар. 4 адам деп жазылып тұрса да көбірек мініп алады.
ЕРКЕНАЗ ҚАЛИЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Гранд Атырау тұрғын үй кешеніндегі 7 жеделсаты да осы терможаңғырту бағдарламасына енгізілген жеделсатылардың қатарына еніп тұр. Қазір Атырау қаласында 179 тұрғын үйде 567 жеделсаты жұмыс істейді. Тұрғындардан келіп түскен өтініштер негізінде 67 жеделсатыны жөндеу қажеттілігі айқындалып отыр. Алайда республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты бұл жұмыстар әзірге басталмай тұр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал