Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«7 қазан күні Қостанайдағы бүкіл мектепті жарып жібереміз». Қару-жарақтың суретін салып, әлеуметтік желіге ақпарат таратқан арандатушы іздестіріліп жатыр. Хабарламалар чаттан чатқа көшіп, ата-ана мен оқушылардың зәре-құтын қашырды. Бұл жолы №17 мектепке нақты қоқан-лоқы жасалған. Белгісіз біреу ғимараттың «30 минуттан кейін жарылатынын» жазған. Оқушылар шұғыл мектептен шығарылып, үйлеріне жіберілді. Полиция, құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі лезде білім ордасына жетіп, оны түгел тексеріп шықты. Жарылғыш та, өзге де күдікті заттар табылған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Қостанайдағы мектептер мен колледж қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
ЕРЛАН СЕРАЛИН, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ақпарат дереу тексерілді. Хабарламада жазылған барлық ғимаратқа тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жарылғыш заттар, күдікті жарылғыш табылмады. Қазіргі уақытта жариялаған авторды іздеу, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау юойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Жалған хабарламалар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.