Айқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет басшысының өкімімен Айқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды. Айта кетейік, қорғаныс ведомствосына қатысты кадрлық шешім 3 қазанда қабылданды. Президент Қаныш Әбубәкіровті Бас штаб бастығы қызметінен босатты. Сондай-ақ Қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Жұмакеев пен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков те лауазымдарынан алынды. Кадрлық өзгерістер Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін жасалды. 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті. Он төрт сарбаз қаза тауып, үшеуі аман қалды. Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, бес лауазымды тұлға қамалды. Қазір үкіметтік комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал