Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
48 әскери бөлім шұғыл тексеріліп жатыр. Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, қорғаныс саласындағы ақпараттық-аудиттік тексерістің алғашқы нәтижелерін пысықтады. Ел тарихындағы ең ауқымды тексеріс бірден 50 нысанды, соның ішінде 48 әскери бөлімді қамтып, әскери техника мен цифрлық жүйенің жай-күйі бақыланады. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына жүргізілген аудит барысында бірқатар өрескел олқылық анықталып, үкіметке шұғыл түрде 57 нақты ұсыныс пен тапсырма жолданды. Сарапшылар мен IT мамандары жұмылдырылған бұл тексеру армияның қауіпсіздігі мен әлеуетін түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Президент бұл бақылау жұмыстарын тоқтатпай, әскери саланың әрбір тиыны мен тиімділігі қатаң бақылауда болатынын қадап айтты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.