Ақтөбеде полиция жұмысы цифрлық жүйеге көшірілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбе облысында цифрлық технологиялар полиция жұмысының жеделдігін арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кеңінен қолданылып келеді. Мұндай технологиялар облыс орталығымен ғана шектелмейді. Өңірдегі 12 аудандық полиция бөлімінің барлығында Жедел басқару орталығы жұмыс істейді. Бейнебақылау жүйелері мен жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін құрылғыларға осы орталыққа қосылған. Жүйе тәулік бойы жұмыс істеп, жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға, құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және полиция жасақтарының әрекетін жедел үйлестіруге мүмкіндік береді. Азаматтардан түскен барлық өтініш автоматты түрде тіркеліп, ақпарат бірден тиісті патрульдік жасаққа жолданады. Олардың жұмысы да осы жүйе арқылы бақыланады.
РУСЛАН ФАЗКУЛЛИН, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— 102 желісіне түскен барлық хабарламалар автоматты түрде тіркеледі. Полиция жасақтарының жұмысы және оқиға орнына бару бақыланады. Бейнекамералар арқылы құқықбұзушылықтарды бірден анықтап тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік бар. Жобаның негізі мақсаты – полицияның 102 желісіне түскен мәлімет бойынша баруын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күшейту.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал