Ақтөбе облысындағы Қурайлы ауылында жол мәселесі 20 жылдан бері неге шешілмей келеді?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбе облысындағы Қурайлы ауылының тұрғындары жол азабын тартып келеді. Қала іргесінде орналасқан елді мекенде Әлия Молдағұлованың есімі берілген көшеге әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Халықтың айтуынша бұл мәселенің көтерілгеніне 20 жылдан асты. Жергілікті билік жұмысты бастау үшін 11 жыл бұрын жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеген. Алайда жоба сол күйі жүзеге аспады. Неліктен?
Қурайлы ауылындағы Әлия Молдағұлова көшесінде тұратын халық өркениет игілігінен қағылдық деп қынжылады. Себебі мұнда әлі күнге асфальт жоқ. Тұрғындар мәселені шешіп беру үшін биліктегілерге талай мәрте базынасын айтқан. Алайда нәтиже болмай тұр.

ДИАНА ЕРМАҒАНБЕТОВА, ҚУРАЙЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Жаңбыр жауса, жолдан өту мүмкін емес. Аяғымыздағы балшықты көрсеңіз ғой. Менің кішкентай 3 жастағы балам бар. Балабақшаға апарамыз. Егер жаңбыр жаумаса, дала көк шаң болады. Терезе аша алмаймыз. Жер үйде тұрып жуған кірімізді іле алмаймыз.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміндегі мамандардың айтуынша, биыл Ақтөбедегі жолдарды жөндеуге қазынадан 53 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Алайда қала іргесіндегі Қурайлы ауылына ақша бөлінбепті. Тұрғындармен кездескен жауаптылар жол құрылысына өтінім берілетінін жеткізді. Бірақ шаруалардың нақты қашан басталатыны белгісіз.

ЕСЕТ КЕНЖЕБЕК, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
— Кезінде аталған көшеге жоба жасалған. Дегенмен аталған уақытта құрылыс жұмыстарына белгілі себептермен қаржыландыру бөлінбеген. Бірақ қазіргі таңда жоба дайындауды жоспарлап отырмыз. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Барлығын бірдей қамти алмаймыз.
Тұрғындар биыл жол жөнделмейтінін түсінеді. Сондықтан ендігі үміт келесі жылда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал