Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысының Балқаш ауданында күрішке орақ түсті. Дегенмен шаруаларға ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Өңірде бірнеше күннен бері жаңбыр жауып, науқанға жұмылдырылған техника әлсін-әлсін тоқтап қалып жатыр. Дегенмен жергілікті диқандар қара суыққа ұрынбай, мол өнімді қамбаға құйып алуға тырысуда. Қазір барлық күріш алқабының 25 пайызы орылып, қамбаға 4 мың тоннадан астам дән құйылды. Аудан шаруалары биыл 5 мың гектардан астам алқапқа күріш екті. Ол өткен жылмен салыстырғанда 3 мың гектарға аз. Күріш алқаптарының қысқару себебі – су тапшы. Есесіне, диқандар суды көп қажет етпейтін мал азықтық дақылдарды өсіруге бет бұра бастаған.
БҮРКІТ МҰҚАНОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Күріштің шығымдылығы 40 центнерден жоғары. Былтыр 41 центнер болса, биыл енді 42-43 центнерден аламыз деген ойымыз бар.
ҒАЛЫМБЕК ӘБДІҚҰЛОВ, ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ТӨРАҒАСЫ:
— Күрішті жоғары сапада шығару үшін былтыр фотосеператор сатып алдық. Бұрын арасында қара күріш, тастар кетіп қалатын. Қазіргі таңда жаңа технологиямен жұмыс істеп жатырмыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.