Астанада «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі өтті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі өтті. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиынға бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысып, компаниялардың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру – негізгі міндеттердің бірі. Бұл мәселені бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын. Президенттің айтуынша, әрбір кәсіпкер қолдау шаралары туралы толық біліп, оларды қалай алуға болатынын түсінуі керек. Сонда шағын бизнестің орта бизнес санатына өтуге ынтасы артады. «Әділет» партиясының бағдарламасында орта бизнестің үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыру және бес жыл ішінде 1 миллион жаңа жұмыс орнын құру көзделген.
АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚҰРЫЛТАЙ ЖӘНЕ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Партияның кәсіби әзірленген ұсыныстарды шешім қабылдау деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндігі бар екенін білеміз. Сондықтан іскерлік кеңес жұмысының нәтижесі кәсіпкерлер көтерген мәселелердің нақты шешілуімен және бизнестің дамуына жасалған жағдаймен өлшенуге тиіс. Ортақ міндетіміз – кәсіпкерлердің тәжірибесімен партияның үлкен мүмкіндігін ұштастырып, бағдарламалық мақсаттарды нақты экономикалық нәтижеге жеткізу.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал