Жаңа Конституцияда әр азаматтың ел өміріне араласуына мүмкіндік қарастырылған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет ісін басқару дегенде көпшілік билік органдарының жұмысын ғана елестетуі мүмкін. Заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасұловтың айтуынша, жаңа Конституцияда әр азаматтың ел өміріне араласуына кең мүмкіндік қарастырылған. Ата заңда тұрғындардың мемлекет ісін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу құқығы бекітілген. Сонымен қатар мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өтініш жасауға, сайлауға және сайлануға, жалпыхалықтық референдумдарға қатысу мүмкіндігі берілген. Азаматтық белсенділік тек референдум немесе сайлаумен шектелмейді. Қоғам мүшесі өз ауылының немесе қаласының мәселесін көтеріп, заңды жолмен ұсыныс білдіре алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал