Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шымкент қаласында жылу беру маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Қала аумағындағы жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқын алып, магистральдық және ішкі орамдық құбырлар кезең-кезеңімен тексеріліп жатыр. Ақау қаупі бар 45 учаске анықталып, жөндеуден өтті. Бүгінде 18,6 шақырым жылу желісін жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа биыл 1,5 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар, коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған төрт жылдық жоспар аясында желілердің тозуын төмендетуге 5,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазір қаладағы жылу желілерінің тозу деңгейі 37,3%. Жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде бұл көрсеткішті 35 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Ал әлеуметтік нысандардың барлығы қысқы маусымға дайын. Қазір екі көшеде 25 жылдық жылу құбырларын жаңартып жатыр. Жұмыс қазан айының ортасына дейін аяқталады деп жоспарланған.
АЙДАР ҚАЛДЫКӨЗОВ, ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі таңда 95% жұмыс жүргізілді. Одан бөлек МЭКС платформасы арқылы Ұлттық жоба бойынша Байтұрсынов көшесінде 655 метр жылу желісіне реконструкция жұмыстары және Рысқұлов көшесінде 240 метр жылу желісін жаңғырту жүргізіліп жатыр. МЭКС платформасы жалпы 11,3 км құрайды. Оны 4 жылға бөлген, яғни 5,8 млрд құрайды. 2026 жылға қарасты 895 метр – 318 млн.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал