Астанада алғашқы қар жауды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қар жауып, бұрқасын болады. Қазгидромет болжамы дәл келді. Астанада алғашқы ұлпа түсіп, күн суытты. Алайда синоптиктер қазанның 6-сынан бастап күн жылиды деп отыр. Бірақ күздің аты – күз. Еліміздің біраз бөлігінде ауа райы күрт құбылуы мүмкін. Жаңбыр жауып, қатқақ болып, көлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық тудырады деген болжам бар.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— 6-8 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Република бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал