Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ЖҮРГІЗУШІ ІЗІН ЖАСЫРДЫ
Екі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Алматы облысының Талғар ауданында жеңіл көлік жүргізушісі аулада ойнап жүрген балаларды басып кеткен. Зардап шеккен жеткіншектердің жағдайы қалай және жүргізуші ұсталды ма?
ЛИФТ ҚҰЛАДЫ
Атырауда Үшінші қабаттан лифт құлап, төрт адам зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға бойынша лифтіні күтіп ұстайтын мекеме өкілі жауапқа тартылуы мүмкін. Осыдан кейін мамандар қаладағы жеделсатыларды шұғыл тексеруге кірісті.
МЕКТЕПКЕ ТӨНГЕН ҚАТЕР
Бірнеше білім ошағына шабуыл жасалады. Қостанайдағы мектептерде жарылыс болады деген хабарлама ата-ана мен оқушылардың зәресін алды. Қазір жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр. Ал қала мектептерінде қауіпсіздік күшейтілді.
ҰСТАЗДАР КҮНІ
Ұстазды ұлықтау – өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын қасиет. Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ел дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ педагогқа мемлекеттік награда табыстады. Президент салтанатты жиында тағы қандай мәселеге мән берді?
ҚАР ЖАУДЫ
Астанада алғашқы қар жауды. Еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт суытты. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, алдағы уақытта жаңбыр соңы қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Жел де күшейеді. Сондықтан синоптиктер алыс жолға шығарда сақ болуды ескертеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.