Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды. Бірінші ранг капитатына «қызметіне атүсті қарады» деген айып тағылып отыр. Ішкі істер министрлігі осындай мәлімдеме таратты. Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскерилердің қаза табуына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқан ведомствоның әскери-тергеу бөлімшесі осындай шешім шығарған. Кеше ғана 48 әскери бөлімнің шұғыл тексеріліп жатқанын айтқан болатынбыз. Президент Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйін кешенді тексеру жөніндегі комиссия мүшелерімен кеңес өткізген. Тексерістің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары Қорғаныс министрлігі ұйымдары мен бөлімшелерінің қызметіндегі мемлекеттік мүлікті жымқыру, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және басқа да заңбұзушылықтар бойынша 13 қылмыстық іс қозғады. Ал бүгін қамауға алынған Қанат Ниязбеков қайғылы оқиға болған күні қаза тапқан әскери қызметшілер туралы сұхбат берген болатын. Не айтқанын тағы бір тыңдап көрейік.
ҚАНАТ НИЯЗБЕКОВ, ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ КҮШТЕРІНІҢ БҰРЫНҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ
— Арасында бір офицер, аға лейтенант, бір сержант бар. Сарбаздардың көбі – Маңғыстаудың тумалары, БҚО-дан да бар. Олардың әрқайсысының үйлеріне қайтатын өз уақыттары бар еді. 10 күн, 1-1,5 ай уақыттары қалып еді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.