Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Астанада Қытайдан көлік сатып алып, жеткізуге уәде берген автосалон директоры 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Себебі сатып алушылардан алған ақшаны жеке мақсатта пайдаланған. Міндетін орындап жатқандай көрсету үшін жәбірленушілерге банк арқылы ақша аударылғаны туралы жалған құжат ұсынған. Прокуратураның мәліметінше, сотталушының әрекеттерінен 6 адам зардап шекті. Оларға 128 млн теңгеден аса материалдық залал келтірілген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.