Шымкентте көлікке шабуыл жасап, адам өлтірген 6 күдіктіге 24 жылға дейін жаза сұралды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қаланың қақ ортасында көлікке шабуыл жасап, бір адамды өлтірді деген алты күдіктіге қатысты соттың жарыссөзі өтті. Шымкенттегі резонансты бұл оқиға қаңтар айында болған еді. Мемлекеттік айыптаушы күдіктілерді адам өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық және алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау баптары бойынша кінәлі екенін айтады. Сондықтан әрқайсысын 22 жылдан 24 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап, өтемақы өндіріп беруді талап етті. Ал жәбірленуші Көшкінбаевтың өкілі сотталушылардан 200 миллион теңге моральдық зиян өндіруді сұрады. Айта кетейік, бұл іске қатысы бар тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр.
МҰХТАР АРЫСТАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
— Тергеу органы Арысбаев, Қызбалаев, Іңкәрбеков, Жұманазар, Ерімбетов, Қуандықовтарды ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3,5,7,9,11 тармақтарымен, 24-баптың 3-бөлігі арқылы 99-бабы 2-бөлігінің 7,9 тармақтарымен, 125-бабы 2-бөлігінің 1,3,4 тармақтарымен және 293-бабының 3-бөлігімен айып таққан. Аталған сотталғандарға тағылған айыпты толық қолдау қажет деп табамын. Жәбірленуші Көшкінбаевтың моральдық зиян өндіру туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, 10 млн теңге өндіруді, осы айтылғандарды үкім шығару кезінде назарға алып, әділ шешім шығаратыныңызға сенемін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал