Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Орталық жылу пунктіндегі жөндеу жұмысы аяқталып болмады. Қажет жабдық уақытында жеткізілмеді. Семейде жылу маусымының кеш басталуының басты сылтауы осы. Олжас Бектенов Абай облысы әкімінің жылу мәселесіне жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Премьер-министрдің айтуынша, жылу көзі мен желіні 1 қазанға дейін толық дайындау тапсырылған. Ал Семейде жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмай, қала тұрғындарына жылу 5 қазанда ғана беріле бастаған. Жылу алдымен әлеуметтік нысандарға, кейін тұрғын үйлерге беріле бастады. Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев кешігудің себебін түсіндірді.
БЕКЖАН БАПЫШЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектеновтің бүгінгі берген ескертпелері толығымен қабылданды. Семей қаласы бойынша 2 жылдық өтпелі 5 жоба бар. 1 жоба бойынша мердігер ұйым тарапынан олқылықтар болды. Яғни құрылғылар уақытында жеткізілмеді. Бүгінгі күні құрылғылар толығымен орнатылды. Біз жылыту маусымына толығымен кірдік. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қосылды. Екінші кезекте тұрғын үйлер қосылып жатыр. Тұрғындардың алаңдауына еш себеп жоқ екенін жеткіземіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.