Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Таза Қазақстан» ұлттық марафоны енді тек сенбілікпен шектелмейді. Басты мақсат – экологиялық жауапкершілікті үйде, мектепте, университетте және жұмыста күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру. Алматыда бұл үшін қажет инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр. Қазір қалада үш экохаб, шикізатты қабылдайтын сегіз пункт, пластик бөтелке мен алюминий құтыға арналған 73 фандомат және тоқыма қалдықтарын жинайтын 20 экобокс жұмыс істейді. Сонымен қатар экологиялық ағарту жұмыстарына деген көзқарас та өзгеріп келеді. Жыл басынан бері мегаполисте «Таза Қазақстан» аясында жүзге жуық экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Оларға 18 мыңнан астам жас қатысты.
ЕВГЕНИЙ МҰХАМЕДЖАНОВ, ECO NETWORK ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Біз бірінші, екінші, үшінші экохабты сынақтан өткіздік. Қазір төртіншісінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Біз осындай 50 экохаб ашып, бұл бастаманы барлық білім беру мекемесіне енгізсек, бір-екі жылдың ішінде нәтижесін көреміз деп ойлаймыз. Осы уақыт адамдардың экологиялық мәдениетті бойына сіңіруіне жеткілікті болады. Сонда халықтың шамамен 50 пайызы мұның маңызын түсініп, экологиялық инфрақұрылымды белсенді пайдалана бастайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.