Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Кешелі бері қар жауып, соңы нөсерге ұласып, астаналықтарды біраз әбігерге салды. Елдің басым бөлігінде үсік, қалың тұман және екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде жолдар тайғақ болады. Әсіресе Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы мен Жетісу өңірінде ауа райы қолайсыз болады деп болжанып отыр. Ал «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге маңызды ескерту жасап жатыр. Алыс жолға шықпаңыздар және ауа райының өзгерісін міндетті түрде ескеріңіздер дейді. Республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы білуге болады. Алдағы күндері шиномонтаж бекеттерінде кезек басталуы әбден мүмкін.
НҰРСҰЛТАН БАЙМҰХАН, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ИНЖЕНЕРІ:
— Әрине, қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін 300ге жуық арнайы техникалар жұмылдырылды. Және 500ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жолдың жүру бөлігі қардан тазартылып, қажет болған жағдайда көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Қазіргі таңда жолда қалған, жолда көмек көрсетілген жағдайлар тіркелмеген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.