«Әділет» партиясы «Ұстаз айтса…» атты республикалық диалог ұйымдастырды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Ұстаз айтса». «Әділет» партиясы дәл осындай тақырыппен республикалық диалог ұйымдастырды. Мақсаты – мұғалімнің пікірін тыңдап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту. Елімізде 2019 жылдан бері «Педагог мәртебесі туралы» Заң қолданыста, соның нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде заманауи білім ошақтары ашылып жатыр. Елордадағы №101 мектепте өткен басқосуға Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері, Оқу-ағарту вице-министрі мен білім беру саласының өкілдері қатысты. Партия мүшелері: «Ұстаздың кәсіби құқықтарын қорғау және шешімді талқылағанда мұғалімнің қатысуын қамтамасыз ету маңызды», — деді. Білім беру саласындағы еңбегі үшін алғыс хаттар табысталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал