Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ПОЛИЦЕЙ ҚАЗА ТАПТЫ
Дәмхана клиентіне басу айтқан тәртіп сақшысы мерт болды. Оқыс оқиға полиция қызметкерінің жұмысынан тыс уақытта болған. Өскемен тұрғыны есерлігі үшін ескерту айтқан азаматқа қол жұмсаған. Бата тимей, қате тиген жұдырық соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.
БАЛА ҚҰЛАДЫ
Қауіпсіздік неліктен ескерілмеді? Көкшетауда мектеп оқушысы жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті. Бейнебақылау камерасына жазылған жазба зерделеніп, сарапталып жатыр.
СУДАН ТАРЫҚТЫ
Таза судан тарығып отыр. Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка ауылының тұрғындары тіршілік нәрін тасып ішіп отыр. Ауызсу құбырын тартуға тиісті мердігер жұмысты уақытылы аяқтамаған. Сот қанша уақытқа созылады, су қашан беріледі?
ҚЫСҚА ДАЙЫН ЕМЕС
Семейліктер қыста тоңуы мүмкін. Қала жылыту маусымына дайын болмай шықты. Бұл – ел бойынша көш соңында қалған жалғыз шаһар. Үкімет басшысы жұмысты атқара алмаған Абай облысы әкімінің орынбасарын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Елордада нөсер жаңбыр соңы қарға ұласып, қала тұрғындары бүрсең қақты. Күннің күрт суытуына байланысты жол саласының мамандары алыс сапарға шығар алдында ауа райына мән беруді сұрайды. Өйткені елдің басым бөлігінде қатты жел соғып, дала көктайғаққа айналды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.