Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстанда балаларды балабақша кезегіне қою жүйесін қайта қарау қажет. Құрылтай депутаты Ләззат Қожахметова Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға осылай деп сауал жолдады. Оған себеп – ата-аналардың баланы балабақша кезегіне қоюдағы кездесіп жүрген кедергілері. Депутаттың айтуынша, бала балабақшаға «формалды тіркелмей», шын мәнінде, сол жерде тәрбиеленіп, нақты қызмет алуы басты өлшемге айналуға тиіс. Қазір баланы мектепке дейінгі ұйымға тіркеудің екі жолы бар. Орын болса бірден балабақшаға, болмаса күту тізіміне қойылады. Алайда күту тізіміне тұру үшін баланы алдымен басқа балабақшаға тіркеуі тиіс. «Егер бала балабақшаға бармаса, мемлекет ол үшін ваучерлік қаржыны не үшін төлейді деген маңызды сұрақ туындайды», — дейді ол.
ЛӘЗЗАТ ҚОЖАХМЕТОВА, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПФ МҮШЕСІ:
— Мемлекет әр балаға қаржы бөледі. Ендеше сол қаржының артында нақты бала, нақты орын және нақты көрсетілген қызмет тұру керек. Осыған байланысты министрліктен ваучерлік қаржыны нақты көрсетілген қызметпен байланыстырып, баланың нақты қатысуын негізгі өлшем етуде формальды тіркелген балаларды анықтайтын цифрлық бақылау жүйесін енгізіп, бір баланың бірнеше ұйымға негізсіз тіркелуіне жол бермеу керек. Күту парағындағы балалар саны мен нақты бос орындар арасындағы сәйкессіздікті азайту жөніндегі шараларды әзірлеуді ұсынамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.