Жастар неге дроппер болады? Депутат қауіпті схемаларға тосқауыл қоюды ұсынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жастар неге дроппер болады? Оларды есірткіден қалай құтқарамыз? Бүгінде талайды толғандырған қоғамдағы қауіпті дертпен күресудің жолын іздеген Дидарбек Ділдәбеков Құрылтайда депутаттық сауал жолдады.
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Құқықтық статистика Комитетінің кісі шошырлық дерегін келтірді. Елімізде соңғы тоғыз айда 7 464 есірткі қылмысы тіркеліп, 3 282 адам жауапқа тартылған. Соның 59-ы – жасөспірім. Бұл – былтырғы жылдық көрсеткіштің 88 пайызы. Дропперлік те белең алуда. Әсіресе қалаға енді студент болып келген жастарға сыйақы беремін деп қызықтырып, банк карточкасын аштырып, оны пайдалануға беруге көндіретіндер көбейген. Сондықтан жастардың банк карталары мен шоттарын заңсыз пайдаланудан қорғауды күшейту ұсынылды. Атап айтқанда, 14 пен 22 жас аралығындағы азаматтардың 50 мың теңгеден асатын тұлғааралық аударымдарына қосымша биометриялық растау енгізу мүмкіндігін қарастыру керек. «Қылмысқа қарсы іс-қимыл мен жастарды әлеуметтік қолдау шаралары өзара үйлесуге тиіс»,- дейді депутат.
ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕКОВ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПФ МҮШЕСІ:
— Құқық қорғау органдарының жұмысын бағалай отырып, мәселені тек қылмыстық қудалаумен шешу мүмкін еместігін атап өтеміз. Қаржылық бақылау, қылмысқа қарсы іс-қимыл және жастарды әлеуметтік қорғау шаралары өзара үйлесуі тиіс. Алайда, ведомствоаралық үйлестіру жеткіліксіз.Оқу жылының басында жастардың сыйақы үшін банксчеттарын өзгелерге беріп, заңсыз қаржы айналымына тарту қаупі алаңдатады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал