Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Дәрігердің уақытымен санасу қажет. Пациент жайлы шарқ ұрып ақпарат іздеу – ақ халаттыларға қосымша жүктеме. Осылай деген Құрылтай депутаты Русана Сулаймонова Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың атына медициналық ақпараттық жүйені жетілдіру және дәрігерлерді «цифрлық бюрократиядан» босату мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі өз сауалында қазіргі жүйенің емдеу сапасына кедергі келтіретінін айтты. Депутат пациенттің негізгі медициналық деректерін қамтитын бірыңғай анамнез қалыптастырып, интернет болмаған жағдайда медициналық ұйымдардың жұмысын жалғастырудың резервтік тәртібін енгізу керектігін алға тартты.
РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПФ МҮШЕСІ:
— Біріншіден, медициналық деректерді қайта іздеу және енгізу мәселесі. Пациенттің маңызды медициналық деректері жүйенің әртүрлі бөлімінде орналасқандықтан, дәрігер оларды қайта іздеуге немесе қайта енгізуге мәжбүр. Бірыңғай толық ақпаратты анамнездің болмауы ақпаратты жылдам алуды қиындатып, дәрігердің уақытын алады. Екіншіден, медициналық қызметтердің ақпараттық жүйелер мен интернетке тәуелділігі. Техникалық ақаулар немесе интернет болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсету қиындайды. Бұл әсіресе шалғай ауылдар мен цифрлық мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін өзекті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.