Атырау зауытында 100 тоннадан астам газ жағылған: іс құқық қорғау органдарына жолданды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Атырау облысында жаға ұстатарлық жағдай тіркелді. Факелдік қондырғыда 100 тоннадан астам газ жанып кеткен. Бұл – 25 тамыз бен қыркүйектің басындағы дерек. Тексерушілердің айтуынша, бұл көрсеткіштің ішінде кейбір пеш пен резервуардан шығатын лас заттар мүлде есептелмеген екен. Осылайша, көмірқышқыл газы мен азот оксиді шектен тыс көбейіп кеткені анықталды. Экология департаменті бұл деректерді құқықтық баға беру үшін сот пен құқық қорғау органдарына өткізіпті. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты бұл тұжырыммен келіспей отыр. Кәсіпорын өкілдері: «Қажет есеп-қисаптың бәрі бар, құжаттарды ұсынуға дайынбыз», — дейді. Олардың сөзінше, газдың жағылып кетуі қондырғының жұмысындағы техникалық ақау кезінде болған көрінеді.
АЙҒАНЫМ БАҒЫТҚАЛИ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР:
— Тексеріс барысында алынған сынамалар қорытындысы бойынша, яғни бөлек өндірістік нысандарда, каталитикалық қондырғысында, жылу және электр қондырғыларында және бензин-дизель отынының қондырғысында көміртек тотығы мен азот оксиді және азри диоксиді бойынша рұқсат етілген шектен асу деректері анықталды. Әкімшілік іс қозғалып, материалдар сот жолданылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал