Енді СҚО-да жолдағы қауіпсіздікті дрон бақылайды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Солтүстік Қазақстан облысында жолдағы қауіпсіздікті бұдан былай дрон бақылайды. Өңірде бүгіннен бастап пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Алғашқы ақылды құрылғы Петропавл қаласына кіре берісіндегі полиция бекетіне орнатылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған, рөлде отырып телефон шқылаған және терезеден қоқыс тастағандарды бірден тіркеп отырады. Жол сақшыларының сөзінше ұшқышсыз ұшу аппараты таңғы 9-дан 18-00-ге дейін автономды түрде жұмыс істейді. Сондықтан жүргізушілерді жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жалпы, өңірде осы секілді қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғалары 7 пайызға, ал қаза тапқандардың саны 21 пайызға төмендеген.
АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, ӘПБ БАСТЫҒЫ:
— Заң мен тәртіп аясында солтүстік қазақстан облысы полиция департаменті Петропавл қаласындағы кіре берістегі оңтүстік бекетінде арнайы ұшу аппаратын орнатты. Аталған ұшу аппараты 5 шақырымдық радиуста өз еркімен ұшып, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтайтын болады. Аталған жоба өзін жақсы көрсеткен жағдайда осындай аппараттар көбейтіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал