Мемлекеттік марапат тізіміне тағы екі медаль қосылады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекеттік марапат тізіміне тағы екі медаль қосылады. Құрылтай «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде танып, оларды ынталандыру үшін екі жаңа ерекшелік белгісін енгізібек. Біріншісі – «Шәмші Қалдаяқов» медалі. Отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан, жемісті қызмет атқарып жүрген азаматтарды марапаттауға арналған.Ал екіншісі «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы. Бейнелеу өнері саласында жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, үздік туындыларымен отандық көркем мәдениетті дамытуға үлес қосқан қайраткерлерге беріледі.
ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Әлбетте, бұл медальдың ауқымы кең болады.Тек қана эстрадалық не болмаса дәстүрлі ән орындаушыларына ғана емес, композиторлар бар, дирижерлер бар, ән авторлары.Ең алдымен,біздің өнерімізге, яғни музыка өнеріне үлесін қосқан соның ішінде ұстаздарым да бар, жаңа буынды таланттар , дарынды орындаушылар да кіреді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал