Астанада бес көліктің түгел өртеніп кетуіне не себеп болды? | 07.10.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

БЕС КӨЛІКТІҢ ОҚИҒАСЫ
Астанада бес көліктің түгел өртеніп кетуіне не себеп? Алапат өрттен зардап шеккен бір азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Тұрғын үй кешенінің маңында болған төтенше жағдайға қатысты алдын ала болжам жарияланды.

АҒАШ ҚОПАРЫЛДЫ
Қарағандыда қатты желден жиырма шақты ағаш түп-тамырымен қопарылып, бес көлікті тас-талқан етті. Кеншілер қаласына төнген табиғи құбылыс тағы кімді шығынға батырды? Дауыл салдарына тоқталамыз.

БОТАМОЙНАҚТАҒЫ ТРАГЕДИЯ
Әлімжеттік қашан бітеді? Жамбыл облысында футбол ойнауға барған жасөспірім үлкендердің жұдырығына шыдамай көз жұмды. Ботамойнақ ауылындағы қайғылы жағдай біраз былықтың бетін ашты. 16 жасар бала қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

БАЛАБАҚША КЕЗЕГІ
Босқа ақша төленіп жатыр ма? Балабақша кезегіндегі былық әшкере болды. Елімізде бүлдіршінді кезекке қою жүйесі мемлекет бюджетіне салмақ салып отыр. Құрылтай депутаты Оқу-ағарту министріне сауал жолдады.

ЖАҢА МЕДАЛЬ
Мемлекеттік награда қатары толықты. Құрылтай «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Енді ел мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз үлес қосқандар марапатталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал