Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған жұмысшылар қаза тапты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған жұмысшылар қаза тапты. Оқиға болған жерге тілшіміз Гүлдана Сейдрасул да жетті. Бұл –шахардағы кісі көп жүретін көше. Жұмысшылардың қимылсыз жатқанын тұрғындар көрген.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Дәл қазір мен қайғылы жағдай болған осы құдықтың жанында тұрмын. Полицияның мәліметіне сүйенсек, мұнда үш жұмысшы су құбырын ауыстыру үшін келген. Алайда екеуі құдыққа түскеннен кейін қайта шыға алмай, сол жерде көз жұмған. Үшінші жұмысшы аман. Алдын ала болжам бойынша, жұмысшылар құдықтың қақпағын ашқаннан кейін бірден ішіне түскен. Бірақ төменде ауа жетпей екі азамат есінен танып, тұншығып қалған болуы мүмкін дейді. Өйткені жұмысшының денесін көшеден әрі-бері өткен тұрғындар көрген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал