Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Балықтан уланып, ес-түссіз жатқан ақтаулық бала кеше қайтыс болды. Туыстары хабарлады. Өте өкінішті жағдай. Ысталған балық жеген бір отбасы ауырғандарын елемей бірнеше күн үйде ем алып жүріп қалған. Ас тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған. Қыркүйектің 19-ы күні төрт адам Мұнайлы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Өйткені төртеуінен де ауыр ботулизм белгілері байқалған. 9 жастағы бала ауруханаға ес-түссіз жеткізілді. Дәрігерлер жедел түрде баланы өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, ботулизмге қарсы сарысу еккен. Қарқынды ем жүргізілгенімен, еш нәтиже бермеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Олар: «Баланың миы ісініп, ағзалары жұмысын тоқтатты. Үшінші дәрежелі ес-түссіз жағдайға түсті», — деді. Қазір баланың әкесі мен тағы екі ересек адам облыстық көпсалалы ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары жақсы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.