Астанадағы мектепте оқушылар киім ілетін бөлмеде кептеліп қалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанадағы мектепте жантүршігерлік кептеліс. Оқушылар жарақат алып, есінен танды.
Әлеуметтік желілерде Астанадағы №99 мектептің киім ілетін бөлмесінде болған адам көп жиналған сәттің видеолары мен оқушылардың хабарламалары тарады. Онда оқушылардың бірін-бірі кимелеп итерген кезде құлап жығылғаны, тіпті жарақат алып естерінен танғаны жайлы айтылған. Белгілі болғандай, сабақ аяқталғаннан кейін бірден жеті сыныптың оқушылары киім ілетін бөлмеге қатар барған. Сырт киім сақталатын жерде бір сәтте екінші ауысымнан шыққан бар бала кептеліп қалған.
АЯЖАН АМАНТАЙҚЫЗЫ, АСТАНА БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде оқушылардың есінен танып қалғаны туралы ақпарат расталмады. Қазіргі таңда мектепте кезекшілік шаралары күшейтілді. Оқушылардың қауіпсіз қозғалысына байланысты қосымша шаралар қабылданды. Оқиғаға байланысты мектеп басшысы атқарып отырған қызметінен босатылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал