Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қолына пышағын жалаңдатып автобусқа кірген адам жолаушылардың зәре құтын қашырды.
Қауіп төнгенін көрген жолаушының бірі полиция шақырған. Бірақ ол тәртіп сақшысына да бағынбай, қоғамдық көліктің ішін шу қылды. Соған қарамастан, полицейлер оның пышағын алып, бөлімшеге алып кетті. Енді бұзақы 12 тәулігін полиция қарамағында өткізеді. Өйткені екі іс бойынша хаттама толтырылған. Біріншісі, қоғамдық орында мазаны алғаны үшін, екіншісі, құқыққорғау органы қызметкеріне бағынбағаны үшін жауап береді. Полиция мұндай жағдайларда азаматтарды өз бетінше әрекет етпей, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды ескертті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.