Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Астанада алғаш рет табан мен тобық ауруларын емдеудің әдістерін айтатын халықаралық конференция өтіп жатыр. Атауы да қызық. «Foot & Ankle 360° – ғылым, практика, нәтиже». Отандық және шетелдік жетекші маман-ортопедтер мен травматологтар аяқ сүйегіндегі күрделі ауруларды емдеудің озық тәсілін ұсынбақ.
ЧАВЬЕР МАРТИН ОЛИВА, ЕУРОПАЛЫҚ АЯҚ ХИРУРГІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Мен мұнда аяқ пен тобық буыны ауруларын емдеудегі тәжірибеммен бөлісу үшін келдім. Мұндай кездесулердің маңызы зор. Өйткені мамандар үшін тәжірибе алмасу өте маңызды. Мен бұл жерде тек баяндама жасап қана қоймаймын, қазақстандық әріптестерімнен де үйреніп жатырмын. Олардың жұмысы маған жақсы әсер қалдырды. Алдағы күндері нәтижелі жұмыс істейміз деп ойлаймын. Қазақстандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі жоғары екенін көріп отырмын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.