Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте 7 жасар оқушының денесіне қол жүгірткен мұғалімге қатысты сот басталды. Оқиға 25 ақпан күні Нұртас жекеменшік мектебінде сабақ кезінде болған. Цифрлық сауаттылық пәнінен білім беретін мұғалім 1-сынып оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекет жасау дерегімен күдікке ілінген еді.
Қыздың анасының сөзінше, оқушы сабақтан келген соң, денесіндегі ауырсынуларға шағымданып, 36 жастағы мұғалімнің істеген жағымсыз әрекеттерін баяндап берген.
Іс сотқа қылмыстық кодекстің 16 жасқа толмағандарға сексуалдық сипатта тиісу бабымен түскен. Алайда сот істі 124-баппен, яғни он алты жасқа толмаған адамды азғындық жолға түсіру бойынша қайта қарауға жіберді. Дегенмен күдікті бұл баппен келіспей, шағым түсіріпті. Сот оның шағымын қанағаттандырып, іс Қылмыстық кодекстің 121-1 бабымен қаралмақ. Алайда 7 жасар жәбірленушінің анасы бұл шешіммен келіспей сот залынан шығып кетті.
Айта кетейік, бұл бап бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.