Биыл егістіктің орташа өнімділігі гектарына 16,4 центнерді құрады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Биыл алқаптардың орташа өнімділігі гектарына 16,4 центнерді құрады. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл нәтиженің агротехнологиялардың сақталуына да байланысты екенін атап өтті.
Ведомство мәліметінше, дәнді және майлы дақылдар алқаптарының 99 пайыздан астамы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда тұр.
Атап айтқанда:
Қарағанды облысында бұл көрсеткіш – 87%-дан асады;
Павлодар облысында – шамамен 100%;
Шығыс Қазақстан облысында – 98,8%.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарағанды облысында да бәрі қалыпты шекте екенін жеткізді. Бұл өңірдегі егіс алқабының көлемі – 1,2 миллион гектар. Ал Павлодар облысында бұл көрсеткіш 1,7 миллион гектар болса, Шығыс Қазақстан облысында 600 мың гектардан астам жерге егін егілген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал