ШҚО-да тұмауға қарсы вакцинация басталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Еліміздің шығысында тұмауға қарсы вакцинация басталды. Бұл шаралар эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін қажет. Күн суытқалы сырқаттану көрсеткіші өскен. Атап айтқанда, соңғы бір аптада өңірде ЖРВИ-дің 4 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Оның жартысы балаларға тиесілі. 70 мыңнан астам шығысқазақстандық тұмауға қарсы вакцинаны тегін алады. Бірінші кезеңде 26 медициналық мекемеге 19 мыңнан астам доза вакцина жеткізілді. Алдағы апталарда тағы 56 мың доза келеді. Тегін екпе алатындардың қатарында дәрігерлердің диспансерлік есебінде тұрған балалар, зейнеткерлер және әлеуметтік қызметкерлер бар. Қалалар мен аудандарда эпидемиологтардың көшпелі топтары жұмыс істейді. Олар кәсіпорындарға барып, тұрғындарды жұмыс орнында вакцинациялайды.
АЙМАН МЫРАМЫТОВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ №1 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
— Бізде ұйымдарға, медициналық мекемелер мен әлеуметтік нысандарға баратын екі көшпелі бригада құрылды. Оларды иммундау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ тұрғындар емханаға келіп те екпе ала алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал