Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Астанада алғаш рет табан мен тобық ауруларын емдеу әдістеріне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр. Атауы да қызық: «Foot & Ankle 360° – ғылым, практика, нәтиже». Отандық және шетелдік жетекші ортопедтер мен травматологтар аяқ сүйектерінің күрделі ауруларын емдеудің озық тәсілдерін ұсынбақ. Әлемнің 13 елінен кәсіби мамандар келген.
Алғаш рет ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция екі күн бойы өтеді. Мамандар үлкен тіліксіз жасалатын операциялардың арқасында науқастың тез сауығып, қалыпты өміріне оралуына мүмкіндік бар екенін айтады. Елімізде бұл салаға сұраныс өте жоғары. Былтырдың өзінде травматологиялық көмекке 3 миллионнан астам адам жүгінген. Жыл сайын 130 мыңнан аса күрделі ота жасалады.
Халықаралық конференцияның басты мақсаты – шетелдік заманауи технологияларды қазақстандық клиникаларға енгізу. Осылайша операция жасау үшін отандастарымыздың шетелге бару қажеттілігі айтарлықтай азаймақ.
ҚАЙРАТ ТӘЖИН, «KAZFASS» ХИРУРГТЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Біздің негізгі мақсатымыз – халықаралық әріптестік орнатып, бірлескен жұмысқа жол ашу. Жас хирургтар мен ортопедтер шетелге еркін барып, әріптестерімен бірге ота жасап, тәжірибе алмасып, арнайы курстарға қатыса алады. Сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік болады. Конференцияның екінші күні барлық өзекті мәселені қамтитын резолюция қабылдап, оны Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.