«Әділет Керуені» акциясы: ШҚО-да 389 тұрғын онколог кеңесін алды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында «Әділет Керуені» акциясы аясында көшпелі қабылдаулар өтті. Мамандар 462 тұрғынға медициналық көмек көрсетіп, оның ішінде 389 адам онколог кеңесін алды. 10 тұрғын алғаш рет онкологқа жүгініп, қосымша тексеруге жіберілді. Сондай-ақ 40 балаға мамандар кеңес беріп, қазан айында 5 балаға тегін оңалту ұйымдастырылады. Тұрғындар АИТВ инфекциясының алдын алу, құқықтық және тұрғын үй мәселелері бойынша да кеңес алды. Жоба алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.
ЕРБОЛ ҚҰСАЙЫНОВ, ДӘРІГЕР-ОНКОЛОГ:
— Медициналық көмекті халыққа жақындату – дер кезінде оларды анықтау. Ол үшін біздің онкологиялық орталықта барлық жағдай бар. Жаңадан ашылған біздегі сәулелік орталық бар. Онда қойылған компьютер аппаратурасы, маммография, бәрі жұмыс істеп, оны емдеуге қолайлы. Және де ең бастысы өте жоғары білімді мамандар бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал