Қазақстандық студенттерге шетелде білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашылмақ

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстандық студенттердің шетелде білім алып, тағылымдамадан өтуіне жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін. Оның ішінде студенттер алмасу, докторанттар мен оқытушыларға арналған қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық, докторанттарға бірлескен ғылыми жетекшілік ету және қос дипломды бағдарламалар бар. Қазақстан, Австрия және басқа да елдердің университеттері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де талқылануда. Мұнда осы күндері Eurasia-Pacific Uninet ұйымының Бас ассамблеясы өтіп жатыр. Бұл – Австрияның ең ірі академиялық желісіне кіретін серіктес университеттер өкілдерінің екі жылда бір рет өтетін пленарлық кездесуі. Сонымен қатар оқу орнында Erasmus плюс бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық жөнінде семинар ұйымдастырылуда.
ЙОЗЕФ СТРОБЛЬ, EURASIA-PACIFIC UNINET ПРЕЗИДЕНТІ:
— Erasmus бағдарламасы – жолға қойылған керемет мүмкіндік. Мысалы, жоғары білім беру әлеуетін арттыру бағытында Еуропада, соның ішінде Австрия университеттерінде білім алуға арналған стипендия қарастырылған. Сондай-ақ ғылыми тағылымдамаға арналған қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық мүмкіндігі бар. Қазақстан және көршілес елдердің университеттерімен байланысымызды нығайтамыз деп үміттенеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал