Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Соңғы 3 күн бойы жол кептеліп, көлікпен қатынап шаршаған Астана тұрғындары үшін сүйінші жаңалық. Астанада тағы LRT жобасының екінші кезегі аясында тағы 20 станция мен 26 шақырымнан аса жаңа желі пайда болады.
Ол «Астана-1» вокзалы, Жағалау тұрғын алабы және Қосшы қаласы бағыттарында салынады. Мәселен, оң жағалауда 5 станция бой көтереді. Ал Қосшыға қарай бүгінде 3 бекеттің жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Жобаның екінші кезеңі аяқталған соң Tarlan Astana желісінің жалпы ұзындығы шамамен 49 километрге, ал станциялар саны 38-ге жетеді. Әзірге бұл жұмыстың құны мен нақты аяқталу мерзімі белгісіз. Ол қаржыландырудың уақтылы бөлінуіне байланысты болмақ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.