Қазақстанда күн жылынады: кей өңірлерде ауа температурасы +22°С-қа жетеді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

+22 градусқа дейін көтеріледі. Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде ауа райы құбылмалы болады. Әсіресе көлік жүргізушілеріне сақ болуды ескертті. Өйткені тұман түсіп, жолдың көрінуі нашарлауы мүмкін.

АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— 8-10 қазанда атмосфералық фронттардың бөліктерінің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Шығысында көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антицклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал