Бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел полицияға бірнеше рет жүгінген | 08.10.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

ҮЙДЕГІ КҮМӘНДІ ДӘМ
Ақтауда балықтан уланған бала қайтыс болды. Отбасы кешкі аста тоңазытқышта ұзақ сақталған, үйде ысталған балық өнімін жеген. Дертті елемей, бірнеше күн үйде жүріп қалғандықтан, жағдай ушықты. Дәрігерлер осындай мәлімдеме жасады.

ЗОРЛЫҚ КӨРСЕТКЕН
Алты жастағы оқушыға зорлық жасады. Шымкенттегі жеке мектептің бірінде баланы қорлады деген күдікпен 36 жастағы мұғалім ұсталды. Сорақысы сол, мектеп директоры видеожазбаны жасырып, істің бетін жабуға тырысқан. Қылмыстық іс қозғалды.

АЙЫП ТАҒЫЛДЫ
Астанада ажырасқан әйелін аңдып жүріп, көлік тұрағында пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуіне қатысты тергеу аяқталды. Қаскөйге «адам өлтіру», «қинау» және жүйелі түрде қорқытып-үркіту бабымен айып тағылды.

КҮЗГІ НЕСІБЕ
Еліміздің солтүстігінде күзгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде өңір диқандары бидайдың 95% астамын орып үлгерген. Элеваторларға жеткізіліп жатыр. Сапасы қандай?

ЕКПЕ НАУҚАНЫ
Қалаға қауіпті індет төнді ме? Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы екпе науқаны басталды. Өңірге жүздеген мың доза вакцина жеткізіліп, жағдай қатаң бақылауға алынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал