Көкшетауда 4 жасар бала шұңқырға құлап, көз жұмды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Көкшетауда қайғылы жағдай. Кеше кешкісін төрт жасар бала су толған екі метрлік терең шұңқырға құлап, көз жұмды. Сырттай қарағанда жай ғана үлкен шалшық сияқты болып көрінген. Анасы баласын алдымен үйден іздеген. Кейін полицияға хабарласқан. Құтқарушылар мен еріктілер күні бойы көшелерді тексерген. Волонтердің бірі суға құлағанда терең шұңқыр екені белгілі болды. Сол жерден баланың денесі табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, шұңқыр құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үйдің аумағында орналасқан. Қараусыз қалмасын деп өзімен бірге жұмысқа тәжірибеден өтуге ала келген анасы аяқасты баласының ойнап кеткенін байқамай қалған.
ӘСЕМ ӘБДРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал