Ақтаулық отбасы ысталған балықты жол жиегінде тұрған сатушыдан алған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтауда астан улану дерегі бойынша жаңа ақпарат шықты. Бір отбасы кешкі асқа тұтынған ысталған балықты жол жиегінде тұрған сатушыдан алған.
Айта кетейік, ботулизм белгілері анықталған 9 жастағы бала есін жимастан қайтыс болды. Ал сол азықты жеген тағы үш ересек әлі ауруханада жатыр. Күдікті өнім бүкіл отбасының аурухана төсегіне таңылуына себеп болды. Сондықтан полицей тергеуді бастап кетті. Балық толығымен желінген, қалдығын зертханалық тексеруге алу мүмкін болмады. Санитарлық талапқа сай келмейтін орыннан тамақ алып тұтынуға болмайтынын мамандар қайта-қайта ескертіп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал