Премьер-министр құрамы күмәнді бензин болғанын растады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жанармайдың сапасы тексерілді. Премьер-министр құрамы күмәнді бензин болғанын растады. Техникалық реттеу және метрология комитеті жанармай құю станцияларына рейд жүргізіп, жоспарсыз тексерген. Бензиннің 78 үлгісі зертханалық сараптамаға жеткізілді. Алматы, Қызылорда және Жетісу облысында жанармайдың белгіленген талапқа сай еместігі анықталды. Тиісті шара қабылданып жатыр. Ал Павлодар мұнай-химия зауытында 25 тамызда өткен тексеріс бензиннің техникалық регламент пен стандарттарға толық сәйкес келетінін көрсетті. Дегенмен солтүстік өңір тұрғындарының шағымынан кейін құрылған ведомствоаралық комиссия өндірістен бастап сатуға дейінгі бүкіл тізбекке аудит жүргізуді жалғастырмақ. Енді отынның әрбір партиясын өндірушіден жанар-жағармай бекетіне дейін QR-код арқылы қадағалау механизмі әзірленіп жатыр.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Сапасыз жанармай салдарынан көлігі бүлінсе, тұтынушы сатушыдан немесе өндірушіден өтемақы талап етуге құқылы. Мұнай өнімін жеткізу тізбегінің қай кезеңінде сапасы төмендегенін анықтау заң жүзінде іске асырылады. Жалпы, мемлекеттік бақылауды күшейту, сапасыз отын айналымының жолын кесу және тұтынушылардың құқығын қорғау ерекше бақылауға алынады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал