Ресейдің Омбы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Әлемдік Бұқаралық ақпарат құралының назарына іліккен басты тақырыпқа келейік. Ресейдің Омбы қаласындағы отқа оранған мұнай өңдеу зауыты. Нысанға дронмен шабуыл жасалған. Жергілікті билік әуе қорғанысы күштері ұшқышсыз аппараттардың көбін атып түсіргенін, бірақ біреуі солтүстік өнеркәсіп аймағына құлағанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Желіде зауыттан шыққан қою түтін мен өрттің видеосы тарауда. Төтенше жағдайға қарамастан, маңайдағы колледж бен университет студенттері сабақтың тоқтамағанына шағымданды.
Атап өту керек, бұл Омбы зауытына жасалған алғашқы соққы емес. 2026 жылдың 6 шілдесінде де кәсіпорын шабуылға ұшырап, Reuters дерегінше, жұмысын уақытша тоқтатқан. Украина шебінен 2500 шақырым қашықтықтағы бұл стратегиялық нысан бұған дейін дрондар жете алмайтын қауіпсіз аймақ саналып келген еді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал