Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Непал мен Тибеттегі жойқын селден кейін хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандықтың тағдыры әлі белгісіз. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Туыстары генетикалық сараптамаға қажет биологиялық материал тапсырды.
Айта кетейік, табиғи апаттан кейін із-түзсіз жоғалған үш қазақстандықтың біреуі елден табылды. Қазір апат болған аймақтарда табылған мәйіттер мен жеке заттар арнайы сараптамаға жіберілді. Кімге тиесілі екені анықталады. Ал Қытайдың Тибет аумағындағы ең көп зардап шеккен Гьиронг кезінде іздеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, 26 тамызда Қытай мен Непал шекарасындағы өткел маңында көшкін жүрді. Салдарынан жол қатынасы бұзылып, байланыс пен электр қуатын жеткізу қиындады. Артынша жойқын су тасқыны болып, мыңдаған адам жоғалып кетті.
ЖАНБОЛАТ ҮСЕНОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Қалған екі отандасымыздың тұрған жері әзірге анықталған жоқ. Непал мен Қытайдың тәртібіне сәйкес туыстары ДНҚ талдауы үшін биологиялық материал тапсырды. Қазақстандық дипломаттар хабарсыз кеткендердің отбасыларымен байланыста отыр. Қажет қолдау көрсетіліп жатыр».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.